Жыл сайын Жарма ауданына қарасты Шалабай ауылында дүниеден өткен ауылдастарды, спортшыларды еске алуға арналған спорт турнирі өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл 8-ші рет қолға алынған жарысқа көршілес Әуезов кентінің спортшлары қатысқан.
- Жарыс спорттың үш түрінен – волейбол, шағын футбол және үстел теннисі бойынша өткізілді. Тартысты өткен турнирде бес команда бақ сынап, қорытындысында Бақыршық орта мектебінің командасы топ жарды. Екінші орынға – Крупская атындағы орта мектебінің ұжымы жайғасса, жүлдегерлер үштігін Шалабай ауылының жастары түйіндеді, - делінген мәліметте.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.
 
                            
 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                        
 
                             
                             
                                 
                                     
                                     