Қазан айының 16-сы күні Жарма ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан жастары арасында салауатты өмірді насихаттау мақсатында волейбол мен теннистен жарыс өткізілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында бүгін Жарма ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында волейбол және үстел теннисінен аудан біріншілігі басталды. Бұл жарысқа Жарманың 8 округінен 18-29 жас аралығындағы жастар командалары қатысты.
Аталған шараны Жарма аудандық мәслихатының хатшысы Мейірхан Оспанбаев ашып, тәуелсіздік жылдарында елімізде балалар мен жастардың дені сау, белсенді болуы үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтіп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Волейболдан 12 команда бақ сынасып, жарыс нәтижесі бойынша:
І орынды Қалбатау ауылдық округінен қатысқан командасы
ІІ орынды Жарық ауылдық округінің командасы
ІІІ орын - Қалбатау ауылдық округінің «Георгиевка орта мектебі» КММ-нің командасына бұйырды.
Үстел теннисінен:
І орын - Муслим Адлет (Шар қаласы)
ІІ орын - Кабдулашим Ануар (Қалбатау а/о)
ІІІ орынды Секен Досжан (Бақыршық кенті) иеленді.
Жарысқа қатысушылар аудан әкімінің грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.