Әдебиет атты мұхиттың буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейін күллі халықтың назарын өзіне аударған белгілі қаламгер, майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай бірқатар маңызды шаралар өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Туған өлкесі - Жарма ауданында бұған ұрпақтары да қатысты. Шаралар аудан орталығы – Қалбатау ауылындағы Ә.Нұршайықовқа арналған «Махаббат аллеясына» гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Мұнда жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлардың неке қию рәсімі өткізілді.
- Қонақтар бұдан соң қаламгердің туған жеріне сапар шегіп, Бірлік ауылындағы мұражаймен танысты. Түстен кейін аудандық Мәдениет үйінде әдебиетші ғалымдардың қатысуымен «Нағыз адам, аңыз адам» атты конференция өтті. Оны кіріспе сөзбен Жарма ауданының мәслихат хатшысы М.Оспанбаев ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі, - делінген аудан әкімдігі ұсынған мәліметте.
Қонақтар мен ауыл тұрғындары жазушы мерейтойына арналған кітап көрмесін тамашалады.