Жарма ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде

366
көрілім

Аудан  әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов кезекті жұмыс отырысында елді мекендердегі жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарының барысын пысықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы айдан бастап «Республикалық Омбы-Майқапшағай жолын қайта жаңарту» бағдарламасы аясында Қалбатау ауылындағы  Мұсылманқұлов, Байқошқарұлы, Әлімбетов  көшелерінің жалпы ұзындығы  6 мың  шаршы метрді құрайтын  жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер ұйым - «Жарма тас жолы» ЖШС жұмыстарды осы жылдың шілде айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Аудан орталығындағы Достық көшесінің жолдарын орташа жөндеу шілде айында басталады, жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Сонымен қатар «Жарма тас жолы» ЖШС «Sinn sin» компаниясымен Абай және Қабанбай көшелерінің 4 мың шаршы метр жолдарына жөндеу жүргізу туралы  келісімшарт жасасқан.