Жарма ауданында жолдың уақтылы тазартылуын ауыл әкімдері де қадағалайды

12528
көрілім

Бұл туралы аудан басшысы Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, аудан аумағындағы жалпы жолдардың ұзындығы 1 мың километрден асады. Оның ішінде 566,5 шақырымы ауылдармен байланыстыратын аудандық мәндегі жолдар.
– Бүгінгі таңда әрбір округ әкімдіктеріне тұрақты жол қатынасын қамтамасыз етуге қажетті қаржы бөлінген болатын. Өткен жылғы тәжірибемізге сәйкес әрбір ауыл әкімі жауапты мердігерлермен келісімшарт жасасып, жолдардың уақтылы әрі сапалы ашылып тұруына мән беріп отыр. Осы бағытта қызмет көрсететін ірі мекемелер маусымдық жұмысқа толықтай дайын, – деді Ахметқали Ахашұлы.