Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нақты айтсақ, облыстық және аудандық бюджеттерден аудандағы ауылдық елдімекендерде абаттандыру, көгалдандыру және спорттық, балалар аландарын салу жұмыстарына жалпы – 138 658,6 мың теңге қаражат бөлінген.
- Соның ішінде: 35 000,0 мың теңге – облыстық және 103 658,6 мың теңге – аудандық бюджет.
- Қалбатау ауылында балалар ойын аланын және воркаут орнатуға – 20 000,0 мың теңге;
- Аршалы ауылында шағын футбол алаңы мен воркаут (21 000,0 мың теңге) және балалардың ойын алаңын орнатуға (6 000,0 мың теңге), барлығы – 27 000,0 мың теңге;
- Суықбұлақ кентінде шағын футбол аланын (19 268,6 мың теңге), воркаут (3 695,0 мың теңге) және балалар алаңын орнатуға (4 773,0 мың теңге), барлығы – 27 736,6 мың теңге;
- Шалабай ауылында шағын футбол алаңын және воркаут орнатуға – 21 000,0 мың теңге, көше жарығын орнатуға – 5 647,0 мың теңге және орталық көше консольдерін орнатуға – 2 575,0 мың теңге, барлығы – 29 222,0 мың теңге бөлінді, - делінген мәліметте.