Жарма ауданының бірқатар ауылдарына ауызсу құбыры тартылуда

8363
көрілім

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, ауызсу құбыры «Өңірлерді дамыту – 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында биыл Аршалы, Қапай Батыр, Кіші-Қарасу ауылдарына  тартылуда
 – Қапай Батыр ауылын сумен жабдықтау желілері құрылысы бүгінде аяқталу алдында тұр. Мердігер «KAZFROFSTROY HOLDING» ЖШС бүгінде негізгі құрылыс жұмыстарын тәмамдаған. Ендігі кезекте су мұнарасын орнату және су ұңғымаларына электр желілерін тарту жұмыстарын жүзеге асырмақ. Келісімшартқа сәйкес аталған орталық су желісі қараша айында қолданысқа берілетін болады, – дейді аудан басшысы.