Аудан орталығына таяу орналасқан Бірлік ауылында «Құланбай баба» мешітінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараға ауыл тұрғындары, жұршылық өкілдері, арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы М. Оспанбаев аудан басшылығы атынан жиналған қауымды құттықтап, мешіт құрылысына атсалысқан азаматтарға ризашылық білдіріп, игі істеріне сәттілік тіледі. Ауданның бас имамы үлкен жолдың бойындағы мешіт құрылысының сауабы екі есе болатынын атай келе ол тек ғибадат орны ғана емес, мәдени-ағарту, рухани білім, тәлім-тәрбие орнына айналса деген тілегін білдірді.
- Бірлік ауылдық округінің әкімі Н.Нұрғалиев мешіттің құрылысына демеушілік жасаған жандарға алғыс жолдап, сый-сияпат табыс етті. Елеулі үлкен қосқан меценат, медицина саласының маманы Мақсат Әбдіқарыұлына ат мінгізді. Белгілі айтыскерлер Ринат Заитов, Қазырет Бердіхан, Дидар Қамиев, Шұғайып Сезімхан жыр сайысына түсіп, көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлады, - делінген аудан басшылығы таратқан мәліметте.
Айтулы оқиғаның құрметіне жамағатқа ақ дастарқан жайылып, ізгі тілектер айтылып, ат бәйгесі ұйымдастырылды.
Аламан бәйге мен тай жарысында бабы келісіп, бағы жанған жүйріктер озып шығып, арнайы жүлделерді еншіледі.