Жарма ауданының екі ауылында су құбыры тартылуда

758
көрілім
Шартты фотосурет

Аудан әкімдігі өкілдерінің ақпаратынша, өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде аудан бойынша екі жоба жоспарланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соның біріншісі, Кіші Қарасу ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы.

- Аталған жоба ауыспалы жоба ретінде 2020 жылы басталып, жылдың аяғына дейін толық аяқталуы жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 492 966,0 мың теңге, былтыр 230 913,0 мың теңге бөлініп, игерілді. 2021 жылы барлығы 283 273,0 мың теңге бөлінді: оның ішінде республикалық – 262 767,0 мың теңге және облыстық бюджеттен – 20 506,0 мың теңге, - деді аудан басшылығындағылар
Бұдан бөлек, Сұлусары ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы. Жобаның жалпы құны – 425 196,0 мың теңгені құрайды.

- Осы жылы аталған жобаның іске асырылуына республикалық бюджеттен 231 818,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда аталған жоба бойынша конкурстық рәсімдер өткізілуде, - делінген мәліметте.