Жарма ауданында өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауыл тұрғындарына қолайлы өмір сапасын қалыптастыруға бағытталған «Ауыл - ел бесігі» жобасына сәйкес жүйелі жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған бағдарлама биыл ауданның екі ірі елдімекенін қамтыды.
- Атап айтқанда, Әуезов кентіне Мәдениет үйінің құрылысы мен көше жарығын орнату, Суықбұлақ кентіндегі клуб ғимаратын қайта жаңғырту, көше жарығы мен ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары қамтылды. Бүгінгі күні көше жарығын орнату және жолдарды жөндеу, асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі заман талабына сай салынған Әуезов кентінің Мәдениет үйі де биыл пайдалануға берілмек. Ал Суықбұлақ кентінде клуб ғимаратын қайта жөндеу жұмыстары жалғасуда, - делінген аудан әкімдігі ұсынған мәліметте.
Ауылдың әлеуетін арттыруға бағытталған жобалық жұмыс келесі жылы да жалғасып, кезегін күткен маңызды жұмыстарды қамтитын болады.