Жарма ауданының прокурорлары қайырымдылық концертін өткізіп, 900 мың теңге жинап берді

770
көрілім

Жарма аудандық прокуратурасының қызметкерлері қайырымдылық концерт өткізіп, 900 мың теңге жинады. Концерт мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылды. Облысқа ғана емес,республикаға танымал жергілікті әртістер өз өнерлерін көрсетіп, сахнада ұйымдастырушылар мен аудан прокуратурасының қызметкерлері де ән орындады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыс прокуратурасының «Таза жүрек», «Берекелі отбасы-бақытты балалық шақ» акциялары аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау үшін қайырымдылық концертін ұйымдастырған. Қазіргі кезде ауданда 508 бала тәрбиеленетін 145 аз қамтылған отбасы бар.

Барлық балаларды жан-жақты көмекпен қамту – аудан прокуратурасы бастамашылық танытқан ізгілік эстафетасының негізгі міндеті болып табылады. Жиналған ақшалай қаражат Жарма ауданының жастар Үйінде салтанатты түрде тапсырылды. Ауылдықтарға концерт көрсетіліп, қамту Орталығымен бірлесе өткізілген бос лауазымды орындардың жәрмеңкесінде 13 адам жұмыспен қамтылды. Сол күні аудан прокуроры Сабыржан Слямханов азаматтардың жеке қабылдауын жүргізіп, тұрғындардың мәселелерін жеке бақылауға алды, – деп хабарлайды құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі.