Жарма ауданының Шуақ кентіндегі жаңа қазандықтың құрылысы қашан аяқталмақ?

1180
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қазанның 1-іне дейін Жарма ауданының Шуақ кентіндегі жаңа қазандықтың құрылысы аяқталатындығын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

- Бұл нысандағы жұмыстар 2013 жылы бітуі қажет болған. Алайда мердігер мекеменің банкрот деп танылуына орай құрылыс аяқталмады. Қазіргі уақытта аудандық бюджет есебінен техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Инжинирингтік компания жұмысты бастап кетті. Мәселе менің бақылауында. Қыркүйек айында жұмыстың барысымен танысып қайтамын, - деді аймақ басшысы.

Қазандық құрылысы аяқталса кент тұрғындары тұрақты түрде жылумен қамтамасыз етілетін болады.