Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Бірлікшіл ауылдық округінде барған сапарым барысында Сұлусары ауылындағы көп жылдар бос тұрған Мәдениет үйі ғимаратының жағдайымен танысып, оны қалыпқа келтіру жайын талқыладық, – деді аудан әкімі. – Бұл мәселе округ халқымен өткен есепті жиында көтерілген болатын.
 
                            
 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                        
 
                             
                             
                                 
                                     
                                     