Жарма ауданының тұрғыны әріптесін пышақтап тастаған

1144
көрілім

Жарма ауданында сөзге келмеген екі ер адамның ерегесі пышақ сілтеумен аяқталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бір ЖШС-да еңбек ететін азаматтар түнгі сағат 23.00-де жұмысшыларға арналған вагон үйшігінде ащы судан ұрттап отырған. Әңгіме арасында түсініспей қалған олар бір-бірін жағадан алып, ерегесе кетеді. Cол кезде сабасына сыймаған жармалықтардың бірі қолына пышақ алып бөтелкелесінің кеуде тұсына сұғып жібереді. Осының салдарынан жәбірленушіге ауыр дәрежедегі дене жарақаты келтірілген.

Жарма аудандық сотында қаралған сот ісінде айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы, 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді. Сонымен қатар айыпталушы 50 500 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.