Жарма ауданының тұрғыны заңсыз қару сақтаған

914
көрілім

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері «Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз қару сақтаған адамды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, қазан айының 7-сі күні Жарма ауданының жедел уәкілдеріне жергілікті тұрғындардың бірі тіркелмеген қаруды өз үйінде заңсыз сақтағаны туралы ақпарат келіп түскен.

Ақпаратты тексеру барысында полиция қызметкерлері моншасында екі ұңғылы мылтықты заңсыз сақтаған Қарасу ауылының 54 жастағы тұрғынын анықтады, қарууын тәркіленді.

- Сараптама қорытындысына сәйкес алынған қару зауыттық тәсілмен дайындалған және атуға жарамды, ИЖ-56-3 «Белка», 5,6/28 мм калибрлі ойық тегіс ұңғылы атыс қарулары. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тұрғында қару қайдан пайда болғаны анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген мәліметте.