Ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері ескеріліп, спорт нысанының жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожиннің сөзінше, жыл басталғалы қолға алған құрылыс жұмыстарының алғашқысы бүгінде қолданысқа берілді. Жауапты мекеме «Таңба» ЖШС спорт кешенінің жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, халық игілігіне берді.
– Екі қабатты спорт нысанының жылыту жүйесі істен шығуына байланысты қолданыстан шығып қалған болатын. Жергілікті халық тарапынан көтерілген ұсыныс-тілектерді ескере отырып, жыл басында бюджеттен 10 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қайта тыныс алған ғимараттың іші толықтай реттеліп, есіктері толық ауыстырылды. Кәріз, жылыту жүйесі жасалып, қосымша жарықтар орнатылып, едені қалыпқа келтірілді. Бұл орын округте қоғамдық спорттың дамуымен қатар, түлі спорттық шараларды ұйымдастыруларына жол ашып отыр, – дейді Ахметқали Ахашұлы.