Жармалық іскер әйел құлпынай өсіруді кәсіп қылған

399
көрілім

Жыл сайын Жарма ауданында өз ісін ашып, оны дамытып келе жатқан жергілікті кәсіпкерлер саны артып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кейде жұмысқа құлшынған жандардың тұрып жатқан жері қолға кәсібіне, қызмет саласына сәйкес келмеуі мүмкін. Айталық, кәсіпкер Шынар Өмірбекова құлпынай өсіруде негізгі жұмысы ретінде таңдаған.  Барлық білімін, күш-жігерін, уақыты мен қаражатын соған арнап келеді. Бұл бағыттың жармалықтар үшін жаңашылдық екені жасырын емес.
Егер кейбір бағбандар құлпынайды өз қажеттіліктері үшін ғана өсіріп, белгілі бір көлемде өсіруге дағдыланса, қазір айтылғалы тұрған тәсіл мүлде өзгеше. Бәлкім, жаңа идея лайықты қолдау тауып, әрі қарай жалғасын таба жатар. Әзірге ол уақыт еншісінде.

Жұмысқа кіріспес бұрын Шынар Өмірбекова арнайы оқудан өтті. Бұл «Бизнестің жол картасы 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Кәсіпкер өзі үшін жаңа істің қыр-сырын үйреніп, қайтарымсыз грантқа ие болды. Оған «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері көп көмек көрсетіп, өзге жерлестерімен бірге бизнес мектебінен өтті. Содан барып өз жұмысына кірісті.

Барлығы неден басталып еді? Шынар Құмарқызы Қалбатау ауылында бірнеше сотық жерге арнайы жылыжай салып, құлпынай, таңқурай, қияр, сондай-ақ көкөністердің басқа да түрлерін өсіреді.
– Бастапқыда, өз ісімді ашуды жоспарлаған кезде, Кәсіпкерлер Палатасы мамандарының кеңесі бойынша шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде ұсынылатын мүмкіндіктер мен шарттарды жақсы білу үшін «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша оқыдым, – дейді Шынар Өмірбекова. – Құлпынай өсірудің басты себебім – бұл іске деген, өсімдіктерге деген қызығушылығым.

Айта кетерлік жайт, істің ретін тапқан Жарма ауданының көптеген тұрғындары бағдарламаның игілігін мүмкіндіктерінше көріп келеді.
Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды іске асыру жұмыс орындарын ашуға, жылыжайдағы жұмыс қарқын алған кезде жерлестердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Бүгінде кәсіпкер Шынар Өмірбекова өзінің күші мен мүмкіндігін бағамдай отырып, алдағы уақытқа мұқият жоспар құруда.
Айта кету керек, кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, ауылдық елді мекендерде шағын несие беруді ұлғайтуға, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге, еңбек ресурстарының біліктілігін арттыруға аудан көлемінде көп көңіл бөлінеді.
– «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша өткен жылы кәсіпкерлік негіздеріне 158 тыңдаушы оқытылды, – деді ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының Жарма аудандық филиалының директоры Дастан Мұқаев. – Олардың көпшілігі қаржы институттары арқылы жеңілдікті несиелер мен өтеусіз гранттар алды.
Олардың ішінде атаулы қолдауды қажет ететін мақсатты аудитория бар. Атап айтқанда, жастар өкілдері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, сондай-ақ халықтың басқа да санаттары қамтылады.