Жармалық мерген Төлеуғали Әбдібековке «Халық қаһарманы» атағы берілді

17428
көрілім
Фотосурет stan.kz сайтынан

Жерлесімізден бөлек, бұл атақ соғыста ерлікпен қаза тапқан тағы екі майдангерге берілді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын» делінген Жарлықта.
Әбдібеков Төлеуғали Нысанханұлы (марқұм) – 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені;
Несмиянов Александр Александрович (марқұм) – 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі;
Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін сайт тілшісі жармалық мерген туралы көлемді мақала жазған болатын.