Өскеменде мал шаруашылығымен айналысатындарға жарыққа шағылысатын ленталар табысталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сол жағалау полиция бөлімі 8-14 шілде аралығында «Иесіз мал» жедел-профилактикалық шарасын ұйымдастыруда.
- Осының аясында полицейлер «КАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының өкілдерімен бірге шаруа қожалықтарының иелеріне жарыққа шағылысатын ленталарды табыстап, мал жаю кезінде қолданатын ережелерді түсіндірді, - делінген полиция басқармасының берген мәліметінде.
Жедел алдын алу шарасының негізгі мақсаты - қараусыз жүрген мал туындатқан жол-көлік оқиғалары мен басқа да қауіпті жағдайлардың алдын алу.
zharykka_shahylysady__oskemende_mal_asyrayt
49