ШҚТУ ректоры облыстан асып, ел экономикасын арттыру үшін атом энергиясына мән берудің маңызын атады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қуанышқа орай, республикадағы "ҚазАтомПромдай" алып кәсіпорынның ізін басып, осы бағытта қарыштап қадам басып келе жатқан ШҚО-дағы зауыт, кәсіпорынның аяқ алысы сенімді.
- Ең алдымен ерте заманнан бастап уран өндіруді қолға алған бабалардың білімпаздығын айта кетпеске болмас. Сол жауапкершілікті қадам қазір де бастапқы көрсеткішін арттырып, түрлі шикізат түрлерін өндіруде. Қазір шаһарымыздағы ҮМЗ (Үлбі металлургиялық зауыты) мен ҚазЦинк сынды кәсіпорындарда университетіміздің көпеген шәкірті жұмыс істеуде. Бұл жерде "атомдық энергетика" терминінің атомдық өндіріс ұғымынына саятынын ескерген жөн. Жалпы, атомдық өндіріс - болашақтың энергиясын алудағы ұтымды қадам, - деді білім ордасының басшысы.