Мұның бір себебі - соңғы жылдары білім сапасын арттыру бойынша түрлі тәжірибелердің қолданылуынан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ең алдымен инженерлік сыныптардың көптеп ашылуын айта кетуге болады. Бұған дейін өңір бойынша осындай 11 сынып болса, алдағы уақытта тағы 14-ашылмақ.
- Бұл нені береді? Қазір университетіміз мектеп, колледждермен байланысты күшейткен. Бір есептен, мұндай әдіс оқушылар мен студенттерге әу баста физика-математиканы мықтап қолға алған жөн. Жыл сайын физика пәнін таңдаушылар саны азайған емес. Біз оларға болашақ мамандығының маңызына бойлау үшін іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік береміз. Осылайша, 7-11 сынып аралығындағы оқушылар білімін күшейтіп, біртіндеп ағылшын тіліне де мән береді. ШҚТУ - соңғы 4 жылда студенттердің жұмысқа тұруы бойынша 94%-дан түспей келеді, - деді ректор.