Жатыр мойыны қатерлі ісігінің алдын алу — ерте бастан тексерілу

323
көрілім

Ағымдағы жылдың 17 қаңтары мен 23 аралығында Шығыс Қазақстанда облысында жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алуға бағытталған апталық аясында онколог мамандар әлуеметтік желілер арқылы ақпараттандыру, аурудың алдын-алу, емдеу жолдары жайында онлайн-эфирлер өткізіп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Бүгінгі таңда аурудың алдын алу үшін: ұдайы, скрининг, яғни ерте бастан тексерілу мен егу арқылы алдын алу мүмкіндіктерін пайдалану қажет екендігін бұл апталық тағы бір еске салады.  
Дәрігерлердің айтуынша қауіпті дерт дер кезінде анықталса және дұрыс емделген жағдайда бұдан сауығуға әбден болады. Ал ең бастысы уақытылы гинеколог маманға қаралып отыру жөнінде тағы бір рет еске салды.
«Біздің елімізде осы аурудың алдын-алуға бағытталған скринингтік бағдарлама бар. Бұл әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы қаржыландыратын шара және толықтай тегін. Ең бастысы әйел адам өзі тіркелген емханасында гинеколог дәрігерге жүгіну керек. Тексеру барысында пап-тестілеу (атипиялық жасуша бар-жоқтығын тексеру үшін жатыр мойнынан жағынды алу) жүргізіледі. Бағдарлама шеңберінде төрт жылда бір рет 30-60 жас аралығындағы әйелдерге беріледі», — деді облыстық онкологиялық орталықтың онколог дәрігері Әсел Қарабалаева.
Біздің облыста өткен жылы 80 мыңға жуық әйел адам скринигтік зерттеулермен қамтылып, олардың ішінде бұл ауру 27 әйелде бар екені анықталған. Өткен жылғы деректер бойынша, облыста «жатыр мойны ісігі» диагнозымен есепте тұрған әйелдер саны 1627 адамды құрап отыр.
«Жатыр мойыны ісігінің қоғамға әсері үлкен, өйткені бұл ауру әсіресе 30-40 жастағы және одан үлкендеу жастағы әйелдерде кездеседі. Бұл уақыт әйелдердің ең белсенді кезеңі,  күнделікті тіршіліктен қолдары босамайтын уақыты. Демек, жылына бір рет болсын өз денсаулығына көңіл бөліп тексеруден өтіп тұруды ескеру қажет»,— деп кеңес береді дәрігер Әсел Қарабалаева.