Жаяу жүргінші өлімі қай өңірде көп тіркеледі

168
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында облыс орталықтарының арасын кемінде 4 жолақты жолмен жалғауды ұсынды, деп хабарлайды  Buqara.,kz  сайтының тілшісі KAZINFORM  сайтына сілтеме жасап.

-Шұғыл түрде 4 және одан да көп жолағы бар 6000 шақырымнан астам жол салу қажет. Олардың ішінде облыс орталықтарының арасындағы трассалар бар: Атырау, Ақтөбе және Орал; Өскемен, Семей;Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда;Қарағанды, Павлодар және тағы басқалар. Мұнда ені 7 метр болатын екі жолақты жолдар орналасқан. Сондықтан бұл жерлерде бетпе-бет соғысу және аударылу жиі болады, - деді Е.Сәденов.

Сондай-ақ, ол елді мекендердің жол инфрақұрылымы көңіл көншітпейтінін айтты.

-Өлімнің төрттен бірі – жаяу жүргіншілерді қағып кету. Олардың ең үлкен үлесі Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстарына тиесілі. Себеп – жаяу жүргіншілер жолдардың, жарықтардың, тротуарлардың болмауы, - деді министр.