Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 188 бабы 3 бөлігі 2-3 тармағына сәйкес 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы кесілген К есімді азамат, ағымдағы жылдың 1 наурызында Солжағалау аудандық пробация қызметі есебіне қойылған.
Сотталған азаматты есепке қою кезінде жаза өтеу тәртібі түсіндіріліп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілді. Алайда аталған азамат сот жүктеген міндеттерді орындамай, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытында кезекті тіркеуге келмей, өзімен жүргізілген тәрбие жұмыстарынан дұрыс қорытынды шығара алмаған.
– 2021 жылдың 31-ші мамырында Өскемен қаласы №2 сотымен Солжағалау аудандық пробация қызметінің бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыным қанағатандырылды. Сонымен қатар пробация қызметі бөлімінің мақсаты – заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез құлқын түзеуге бағытталған бақылау жасау, – дейді Пробация қызметі бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Гүлжан Мұхтарханқызы.