Жедел әскери қызметін өтеуші сарбаздарға үялы телефон пайдалануға рұқсат етілді

506
көрілім

Елімізде жедел әскери қызметін өтеуші сарбаздарға үялы телефон пайдалануға рұқсат етілді. Бұл шешім Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің басшылығымен қабылданып отыр деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Sarbaz.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін ұялы телефонды аптасына тек бір рет — жұма күндері ғана қолдануға болатын. Енді жедел әскери қызметін өтеушілер, курсанттар мен кадеттер ата-аналарымен, туыстарымен және дос-жарандарымен күнделікті тілдесуге мүмкіндік алды. Мұндағы мақсат жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйіне лауазымдық тұлғалардың жеке жауапкершілігі мен тиісті бақылауын қамтамасыз ету, сондай-ақ, әскери қызметкерлерді жеке дара зерттеу процессін жүйелеу болып табылады.

Телефон қоңырауларын күнделікті  15:00 -16:00 сағат аралығында жасауға рұқсат етілген. Ұйымдастырудың сапасына жүйелі түрде бақылау жүргізіледі.