«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, желтоқсан айы республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады, ал шығыс аймақтарда нормадан 1 ° С төмен болады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
-Бірінші онкүндіктің ортасында оңтүстік циклонның шығуы кезінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің секундына 15-25 метрге дейін күшеюі, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі, - деп түсіндірді «Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық орталығының директоры Марина Шмидт. - Онкүндіктің соңында Скандинавия аймақтарынан салқын ауа массаларының түсуімен республиканың басым бөлігінде орташа аязды ауа райы күтіледі. Осыған байланысты республиканың шығысында ауа температурасы түнде минус 5-тен 15 градусқа дейін, күндіз минус 3-тен 12 градус аязға дейін төмендейді.
Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігінде күн суытып, түнде - 20-дан 35 градус нөлден төмен, күндіз минус 10 - 20 градусқа дейін өзгереді.