Дәл осындай мөлшерде тектен текке шырақ жағылған жоқ. Соғыс жылдары соғысқа аттанған 7199 сарбаз майданда қаза тапқан болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайты ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Өскемендіктер елі үшіне жан берген майдангерлерге осылай құрмет көрсетті. Салтанатты шараға мыңдаған өскемендіктермен бірге облыс әкімі Даниал Ахметов та қатысты. Мереке соңы от шашумен аяқталды.
„Шырақ жақ„ акциясы тұңғыш рет Өскемен қаласында 1985 жылы өткен болатын. Жыл сайын акцияға ат салысушылардың қатары артып келеді. Биылғы шараға қатысты Даңқ мемориалында он мыңға жуық адам бас қосты.