Ресми ақпаратқа сүйенсек, бұл үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның (рұқсаттың), не кен іздеуге арналған лицензияның, не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың болуы қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл құжаттар рұқсат беру құжаттары болып саналады және өндіретін пайдалы қазбалардың түріне байланысты облыс әкімдігімен немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен беріледі. Лицензия оның иесіне жер қойнауы учаскесінде көрсетілген жер қойнауы учаскесінің шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалану құқығын береді.
Сонымен қатар, жер заңнамасында жер учаскесін оның шекаралары заттай (жергілікті жерде) белгіленгенге және құқық белгілейтін құжаттар берілгенге дейін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иемдену ретінде сараланады және әкімшілік жауапкершілікті көздейді, - делінген ШҚО Жер қатынастары басқармасы ұсынған мәліметте.
Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскесіне құқықты ресімдеу үшін жеке немесе заңды тұлға электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта өтініш береді («Сауда – саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес көрсетіледі). Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары) және өндіруге арналған келісімшарт (лицензия) кіреді.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бірінші кезеңін қарау мерзімі 12 жұмыс күнін құрайды. Осы мерзімге сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін қарау және жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі (не одан бас тарту) туралы шешім қабылдайтын жер комиссиясының отырысында өтінішті қарау кіреді.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 25-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайлар бас тартуға негіз болып табылады (елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға іргелес аумақтарда бір мың метр қашықтықта, су қоры жерлерінің аумағында, көмінділерден, бейіттер мен зираттардан жүз метр қашықтықта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады).
- Комиссияның оң шешімінің мерзімі бір жылды құрайды. Осы мерзімде жер қойнауын пайдаланушы жерге орналастыру жобасын әзірлейді. Жерге орналастыру жұмыстарын азаматтар мен заңды тұлғалар орындайды. Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін қалыптастырудың жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына сәйкес келуі тиіс, - делінген мәліметте.
Жерге орналастыру жобасын облыстың уәкілетті органы («Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ) электрондық форматта электрондық үкімет порталы арқылы 4 жұмыс күні ішінде бекітеді («Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі).
Бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскесіне құқық беру туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы қабылданады. Жер учаскесін жалға алу мерзімі лицензияда (келісімшартта) көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіру кезеңінен басталады. Құқық беру туралы шешім қабылданғаннан кейін жер пайдаланушымен жер учаскесін жалға алу шарты жасасылады, онда тараптардың жерді пайдалану жөніндегі құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Жергілікті жерде жер учаскесінің шекаралары белгіленгеннен кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындайды.