Жерлесіміз Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын болды

941
көрілім

Өскемендік бокс мектебінің түлегі, ҚР спорт шебері, Тарбағатай өңірінің тумасы, боксшы Әділет Құрметов бокстан өтетін Әлем чемпионатында еліміздің атынан өнер көрсететін болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әділет Құрметов ҚР еңбек сіңірген жатықтырушысы Ғани Жакуповтың жетекшілігімен 2005 жылдан бері боксқа қатысып келеді. Спортшы ең алғашқы ұстазы мен осы уақытқа дейін демеушілік білдіріп отырған Марат Мұзапаровқа ерекше алғысын білдіреді. Марап Мұзапаров спортшының оқу шығынын өтеп, ай сайын 45 АЕК мөлшерінде шәкіртақы тағайындаған.

– Мен үшін Қазақстанның көк туын желбіретіп, елімнің намысын қорғау – зор бақыт. Деңгейі жоғары додаларға қатысу үшін барымды салдым. Ендігі кезекте мақсатыма жету жолында аянбаймын. Өзімнің жеке бапкерім Мұрат Албынбековке алғысым зор, – дейді Әділет Құрметов.

Фотосурет: kfb.kz