Біріккен Араб Әмірлігінде өткен құрлықтық чемпионатында шығысқазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов қарсыластарын тізе бүктіріп, ел қоржынына алтын түсірді.
66 келі салмақта тартысқа түскен үржарлық Ерлан Серікжанов аймақтан шыққан тұңғыш Азия чемпионы атанып отыр. Жерлесіміз әлемдік рейтингте үздік он палуанның қатарына енген. Өткен жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында күміс медаль иеленген спортшының артында тұрған оның жеке бапкері Айдар Қайырбаев пен облыстың бас жаттықтырушысы Бақытбек Дуановтың еңбегін айта кеткен орынды. Кейінгі уақытта әлемдік Гран-При бәсекелерінен жерлестеріздің жүлдеге ілінуі өңірдегі дзюдо Федерациясы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының тізе қосып жұмыс атқаруының нәтижесі десек, қапы айтпағанымыз.
Асқар ТҰМАРБЕК