Жоғалған баланы тапқан полиция қызметкері марапатталды

427
көрілім

ШҚО Қорғаныс департаменті арнайы бөлімшесінің қызметкері Тілек Ерлібеков «Құқық тәртібін қамтамассыз етуге қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Тамирлан Ахмеджановты іздеуге атсалысқан полиция қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, алғысын білдірді.

– Кешіккен әр минут қайғылы нәтижеге әкелуі мүмкін еді, әсіресе түнгі температураның төмендігін ескерсек, бала жатқан шұңқырдың тереңдігі үш метрге жуық болды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Еске салсақ, 14 тамызда кәмелетке толмаған 12 жастағы Тамирлан Ахмеджановты іздеу жұмыстары басталған еді. Тамирлан 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында саяжай аумағында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

15 тамыз күні іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған топ арасынан полиция қызметкері Тілек Ерлібеков жоғалған баланы тапты.