Жол ережелерін сақтаңыздар – ІІМ

516
көрілім

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше өткен аптада 210 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғаларының салдарынан 39 адам қаза тауып, 289 адам жарақат алды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Апаттардың негізгі себебі жол қозғалысына қатысушылардың жол тәртібін сақтамауы болып табылады. Көбінесе жылдамдықтың артуы, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау және оларды елемеу қайғылы оқиғаларға әкеп соғуда.
Ауа-райының нашарлауына байланысты ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға қарапайым, бірақ өте маңызды ережелер туралы ескертеді, оларды сақтау күтпеген жерден орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.
- Қыстың басталуына байланысты, қысқы немесе тікенекті шиналар орнату, автомобильді жылыту және әйнектерге жылу үрлеу жүйесін тексеру, суыту жүйесіндегі сұйықтықтың минус температурасы кезінде пайдалануға жарамдылығы мен жай-күйін тексеру, отын аппаратурасының сынуын болдырмау үшін дизель қозғалтқыштары бар көлік құралдары үшін қысқы дизель отынын пайдалану керек, - делінген ақпаратта.
Қысқы жолда автомобильдің тежегіш жолы айтарлықтай ұлғаятынын есте сақтау қажет, сондықтан кенеттен қауіп туындаған жағдайда жүргізушінің жылдамдықты уақтылы төмендетуге, көлік құралын толық тоқтатуға мүмкіндігі болуы тиіс.
- Қауіпті маневрлер жасауға және шұғыл тежеуге болмайды - көктайғақ жағдайында бұл автомобильді басқару мүмкіндігін жоғалтуға және жол-көлік оқиғаларын жасауға әкеп соғуы мүмкін. Жаяу жүргіншілер де өте мұқият болуы керек. Жолды тек белгіленген орындарда өту қажет. Сонымен қатар көлік жүргізушілерінің оларды байқағанына және жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілер өтпесіне дейін тоқтауға мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізу маңызды, - деп ескертеді ІІМ.
Полиция автокөлік жоғары қауіптілік көзі, сондықтан жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі белгіленген ережелердің сақталуына байланысты екенін айтты.