Жол сапасы — қауіпсіздік негізі

586
көрілім

Жыл өткен сайын отандық автожол саласында инфрақұрылымды дамыту және қауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары күшейтіліп келеді.
Күршім АПБ қызметкерлері аудан аумағындағы  жолдардың сапасын жыл көлемінде бақылауда ұстайды. Биыл жүргізілген тексерулер нәтижесінде 12 қазан күні Омбы-Майқапшагай-Қалжыр-Марқакөл тас жолында Күршім аудандық полиция бөлімінің жол және техникалық инспекциясының ұйғарымы бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Елімізде автокөлік құралдарының саны артып келе жатқанын айту керек. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, бүгінгі таңда еліміз жолдарында 3 миллионнан астам автокөлік жүр. Орта есеппен 100 қазақстандыққа 21 көліктен келеді, яғни әрбір бесінші отандасымыздың жеке көлігі бар. Құрметті аудан тұрғындары, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, жылдамдықты шамадан тыс арттырмауларыңызды сұраймыз.
Күршім АПБ баспасөз қызметі