Өскемен жолаушылар тасымалын басқару орталығы мектеп оқушыларының ата-аналарына жол жүру ақысы туралы түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Жол жүру картасында теңгерім жетіспеген немесе оны жоғалту жағдайлары жиі кездеседі. Сондықтан жаңа оқу жылы қарсаңында мектептен жол жүру карталарын алу, қалпына келтіру және толықтыру мәселесін шешу керек, - деді жауапты мекемедегілер.
Ал мектеп картасы болмаса, жол жүру ақысы жалпы негізде төленеді.
- Мектеп картасы қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік береді. Бүгінде автобустар мен шағын автобустарда балалардың жол жүру ақысы 45 теңгені құрайды. Кез келген көлік түрінде жол жүру ақысын төлеу үшін мектеп картасын пайдалануға болады, - деп толықтырды мамандар.
Айта кетейік, жолаушы жол жүру ақысын төлемесе, диспетчер 102 нөміріне хабарлайды. Бұл үшін 2 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.