Аталған меморандум Іле-Балқаш табиғи резерватының биоәртүрлілігі мен инфрақұрылымын қалпына келтіруде елеулі жетістіктерге әкелген табысты және жемісті ынтымақтастықтың жалғасы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Informburo.kz дерегінше, биыл шілде айының 15-і күні Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Дүниежүзілік табиғат қоры (WWF International) арасында жолбарысты Қазақстан Республикасына реинтродукциялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Мамандардың айтуынша, жолбарыстың Қазақстанға оралуы - бұл экологиялық маңызды жоба ғана емес, сонымен қатар табиғи мұраны қалпына келтіру жөніндегі күш - жігеріміздің символы.
Бұл бастама көптеген ұйымдар мен сарапшылардың жемісті ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.