Ағымдағы жылдың 20-21 желтоқсан күндері Өскемен аумағында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Акция аясында қала тұрғындары мен қонақтары Полиция департаментінің бөлімше басшыларымен тікелей байланыса алады. Басшылар өз кезегінде қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап береді.