Ресми мәліметке сүйенсек, бұрынғы амбулаторияның ғимараты апатты жағдайда болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған мекеменің құрылысы Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылды.
- Медициналық амбулатория барлық қажетті техникалармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Амбулаторияның жобалық қуаты 220-дан астам адам тұратын Жолнұсқау ауылының тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жеткілікті, - делінген облыс әкімдігі ұсынған ақпаратта.
Тұрғындар ауылдан тыс жерлерге бармай-ақ медициналық қызметтердің көптеген түрлерін ала алатынына ризашылықтарын білдірді.