Қазақстанда жол жөндеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.Бірнеше учаскеде құрылыс және реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге биыл 223 млрд теңге, ал 2024 жылы 217 млрд теңге қарастырылған. Екі жылда барлығы 440 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, келесі жобалар жоспарға алынған: Талдықорған-Өскемен (768 шақырым), Қарағанды-Балқаш (363 шақырым), Балқаш- Бұрылбайтал (288 шақырым), Бұрылбайтал- Құрты- Қонаев (295 шақырым), Ұзынағаш- Отар (42 шақырым), Мерке- Бұрылбайтал (200 шақырым), Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат (440 шақырым), Атырау-Ресей шекарасы (Астрахань, 283 шақырым), Қалбатау – Майқапшағай (415 шақырым), Үшарал – Достық (90 шақырым), Қостанай – Денисовка (19 шақырым), Петропавловск -Ресей шекарасы (31 шақырым), Шамалған айналма жолы (6 шақырым), Үлкен Алматының айналма көлік жолы (66 шақырым), Қызылорда -Жезқазған (212 шақырым), Подстепное -Федоровка – Ресей шекарасы (72 шақырым).
Өкінішке қарай, шекараға дейін созылған трассалардың арасында Шемонаиха мен Риддер жолдарының жағдайы нашар болуына байланысты тізімге енбеген.
Елімізде 4,7 мың шақырымға дейін есептелген жол жобалары іске қосылуда. Жоспарда тұрған 50 учаске мемлекеттік жолдың қарауында болса, 45-і жергілікті жолды құрайды. Осы жолдар 2,2 трлн теңгеге қаржыландырылмақ. Жоспар бойынша 3,6 мың шақырым елді мекендердің жолдарын орталық шығыс және батыс аймақтық жолдармен қамту жұмысы мақсатқа қойылған.