Жұмада, 6 қыркүйекте оңтүстік циклонның өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, кей жерде жаңбыр жауып, найзағай, дауыл күтіледі, жел күшейіп дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал, батыста және солтүстікте тұман күтіледі, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Солтүстік Қазақтан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейюі күтіледі, кей жерде тұман, дауыл күтіледі. Ақмола, Қостанай, Алматы, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола және Түркістан облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей жерінде, Алматы және Ақтөбе облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.