Жұмба ауылындағы бірнеше үй ғаламторға қосылды

252
көрілім
Фотосурет Egеmen.kz сайтынан

Самар ауданына қарасты елдімекенде 200-ден астам адам тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі іске қосқан бағдарламаға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысындағы халқы 250 адамнан аз 56 елдімекенді қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету үшін («50-ден 250-ге дейін» бағдарламасы) тиісті жұмыстар қолға алынған. 2021 жылдан бастап мемлекет тарапынан «ВОСТОКТЕЛЕКОМ» ЖШС компаниясына лицензиялық міндеттемелері берілді.
- Биыл наурыз айының 1-і күні халық саны 205 адамды құрайтын Жұмба ауылында үш үй шаруашылығында радиокөпір технологиясын пайдалана отырып, интернет тарту жұмыстары жүргізілді. Тағы 20 отбасы қосылуға өтінім берген. Осы уақытқа дейін тұрғындарда қандай да бір ұялы байланыс және мобильді интернет жоқ еді. Күніне 15 Мбит/с мөлшерінде ғана жылдамдыққа ие болатын.
Бұл ретте «Востоклетеком» ЖШС ұялы байланыс операторы болып саналған жоқ (компанияның мұндай қызметтерді көрсетуге лицензиясы мен құқығы жоқ, ол тиісті реестрде тіркелмеген), ал алынған жиіліктерді жоғарыда көрсетілген мақсатта пайдаланатынын атап өткен жөн.