Жұмысшы мамандығын алып жатқан студенттердің шәкіртақысы қанша теңгеге өседі

407
көрілім

2019 жылдың 1 қыркүйегінен техникалық және кәсіптік білім алып жатқан студенттердің шәкіртақысы 21 787 теңге болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2017 жылдан бастап Елбасының тапсырмасына сәйкес баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім жобасы жүзеге асырылуда. Жұмысшы мамандықтары бойынша бүгінде колледждерде 122 мың студент оқып жатыр. Оларға өткен жылдан бастап біржолғы ыстық тамақ беріледі және жылына 2 рет жол жүру шығыны өтеледі», - деді министр.
Сондай-ақ оның дерегінше, аталған 122 мың студентке 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы қарастырылған.
«Студенттердің 70 пайызы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар екендігін атап өткім келеді. Студенттерді қолдау үшін Мемлекет басшысы шәікіртақыны 30 пайызға көтеру жөнінде тапсырма берді. Соған орай жаңа оқу жылынан бастап шәкіртақы көлемі 21 787 теңгені құрайтын болады», - деді Асхат Аймағамбетов.