Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу

485
көрілім

Егер сіз жұмыссыз қалған болсаңыз, ең алдымен жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз жөн, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалына сілтеме жасап.

Филиал қызметкерлері тіркелудің оңай да онлайн жолын бүгінгі #oqy&toqy айдарында мәлім етпек.

Egov.kz порталына кіріңіз

  • Іздеу жолы арқылы «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін табыңыз

  • Қызметті онлайн сұратыңыз

  • Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз

  • Қажетті бөлімді таңдап, мекенжайыңызды растаңыз

  • Екінші қадамда жұмыссыз қалғаныңыз, біліміңіз және жұмыс өтіліңіз туралы деректерді толтырыңыз

  • Үшінші қадамға өтіп, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз

  • Өтініш статусын жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан бақылап отырыңыз.

 

Егер сізде «Оралман» мәртебесі болса, сіз жұмыссыз ретінде тек құзырлы органға келесі құжаттарды тапсыру арқылы тіркеле аласыз.

  • Өтініш

  • Жеке басыңызды куәландыратын құжат

  • Егер еңбек қызметіңізді растайтын құжат бар болса

  • Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжаттар бар болса өзіңізбен ала баруды ұмытпаңыз.