«Жүрегі бар!» жыл акциясы

616
көрілім

Глубокое аудандық «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері дәстүрлі «Жүрегі бар!» акциясын өткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Олар осыған дейін 20-дан аса көпбалалы және тұрмысы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмысқа қажетті тауарлар алып беріп, қолдау көрсеткен.
Жас қамқоршылар соғыс, тыл және еңбек ардагерлерін де ұмытқан емес. Жыл бойында айтулы мерекелерде сыйлық табыстап, шаруаларына қолқабыс көрсетіп келеді.

Ауыл-аймақта сенбіліктерге шығып, аулаларды, көшелер мен саябақтарды қоқыстан тазартуға қатысады. Аудандық «Jas Otan» Жастар қанатының акциясына кез-келген адам қатыса алады. Белсенді жастар мұқтаж жандарды мейірім шапағатына бөлеп, жүрек жылуын сыйлау - адами құндылықтардың басты байлығы деп санайды.