Жүргізуші назарына!

391
көрілім

Айыппұл тағайындала ма?

Бұрындары «Өскемен-Зырян» тасжолының Осинов асуы бойында жол жүру жылдамдығын шектейтін жол белгілері тұратын. Қазір сол жерге «Ұсынылған жылдамдықты» білдіретін жол белгілері орнатылыпты. Егер мен аталған учаскеден жоғары жылдамдықпен жүріп өтетін болсам бұл ереже бұзушылық болып саналып маған айыппұл салына ма?

Асхат Жолдыбаев

Сіздің сауалыңызға Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция қызметкерлері жауап берді:

– «Өскемен-Зырян» тасжолымен әр түрлі санаттағы көліктер қатынайды: жеңіл автокөліктер, автобустар және жүк көліктері. Ерекшеліктерін ескере келе осы учаскеде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүру қауіпсіз болып саналады. Алайда жеңіл автокөлік Осинов асуынан бұған қарағанда жоғары жылдамдықпен қатынай алады. Осыған орай «Өскемен-Зырян» тасжолының аталмыш бөлігіндегі жол белгілеріне өзгеріс енгізілген. Сол «Ұсынылған жылдамдықты» білдіретін жол белгісіндегі жылдамдықты асырған адамға әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған.