Сайлау кезінде өткен жоспарларға баға беріліп, барлық қателіктер ескеріліп, басымдықтар өзгереді. Қазақстанның азаматтары саяси күштердің барлық талпыныстарын бағалап, мемлекеттік басқару мен өздерінің мүдделерін қорғауды кімге сеніп тапсыратындарын шешуі тиіс. Бұл туралы саясаткер, қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаевтың мақаласынан оқи аласыздар, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы жылдары мемлекеттік институттарға деген сенім бүкіл әлемде құлдырап кетті. Адамдар сайлауға өкпе-назы мен наразылықтарын білдіру үшін келетін. Алайда 2020 жылы мемлекет коронавирус пен коронадағдарыс қауіпіне қарсы тұра алатын жалғыз институт болды. Институттардың қауіпті еңсеруге шамасы жетпеген жерлерде көтерілістер басталды. Біздің парламентке сайлауымыз жүйеге деген өзіндік емтихан болмақ – оның ағымдағы сын-қатерлерге қаншалықты дайын екенін көрсетеді.
Қазір бізде әлеуметтанушылардың мәліметтері бар. Жуықта "Астана-Зерттеу" қоғамдық қоры қоғам пікірінің аралық нәтижелерін жариялады. Электоралды артықшылықтар заңдылықтарға сай үлестірілген. Олардың ішінде "Nur Otan" көш бастап тұр -74,2%. Қалған партиялар қажетті 7%-ды жинай алмаған. "Ақ жол" - 5,2%, НПК – 4,4%, "Ауыл" – 4,1%, "Aдал" – 2,5%.
Мен парламентте мықты оппозицияны көргім келеді. Алайда барлық партиялардың бағдарламаларын зерттеп шықтым. Айтар үкімім: билеуші партияның деңгейіне ешкім жете алмады.
Nur Otan партиясы бағдарламасының негізгі ерекшелігі – ол дағдарысқа қарсы жоспар түрінде ұсынылған. Ол біздің экономикамыздағы ең күрделі кезеңде құрылып, түзетілді. Партия нақты 255 шара мен 160 мақсатты көрсеткіш белгілеп отыр. Оның барлығы көп еңбектің нәтижесі – партия мүшелері барлық аймақтарды аралап шығып, мәселелермен танысты, жұрттың сұраныстарын жинақтады. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Сайлау алды агитация басталған кезден бері Республикалық қоғамдық штаб 10 аймақта дәрігелермен, мұғалімдермен, шаруалармен, бизнес өкілдері және жастармен 175 кездесу өткізді. Штабтардың қоғамдық қабылдауына 50 мыңнан астам жүгінулер түсті. Кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері 6670 қабылдау өткізіп, 33 272 адамды қабылдады. Сонымен қатар, 216 аймақтық бағдарлама әзірленіп отыр, олардың әрқайсысы бірегей болып табылады, онда жергілікті мәселелер аталып, шешімдері көрсетілген.
Бұл статистика Nur Otan партиясының нағыз саяси мектепті қалыптастырғанын көрсетеді.