Жыл басынан бері есірткі саудасы мен сақтаудың 2 мың дерегі анықталды

543
көрілім
Фото ашық дерекөзден

Есірткі саудасымен айналысқан 4 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды Buqara.lz сайтының тілшісі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Биыл есірткіге қатысты 2063 қылмыстық құқық бұзу дерегі анықталды. Есірткі өткізудің 517 фактісіне тосқауыл қойылды. Әрбір үшінші дерек интернет арқылы жасалғанын атап өткен жөн. (162). Сондай-ақ, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 149 фактісі анықталды», - деді Ш.Алекешев министрліктің апталық баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 4 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Соның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топ бар. Олар синтетикалық препараттарды жеткізумен және сатумен айналысқан.

«Ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін 8 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерлерден 66 келі есірткі тәркіленді. Бұдан басқа 16 есірткі зертханасы анықталды. Оның 8-інде синтетикалық есірткі өндірілген, яғни Алматыда - 4, Алматы облысында – 3, Шымкентте 1 зертхана жойылды. Есірткі өндіруге қатысқан 15 адам ұсталды. Олардан 128 келі есірткі мен 390 литр прекурсор тәркіленді», - деді ресми өкіл.