Жымқырғанын мойындады

286
көрілім

ШҚО-да жетімдер үйінің бас есепшісі әріптестерінің алдында күтпеген мәлімдеме жасап, басшысымен бірге қаржы жымқырғанын ашық айтты, деп хабарлайды газет тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.

Жетімдер үйінде тұп-тура Жаңа жыл мерекесінің алдында жиын өткен екен. Сол басқосуда есепші директормен бірге қаржы жымқырдық деп, ашық мойындаған. Оны біреулер ұялы телефонға түсіріп алып, ғаламторға жариялайды. Бірақ бұл бейнежазбаға қатысты директордың өзі жарытып ештеңе айтпады.

Жаңа жыл қарсаңындағы жиналыс жалақының кешіктірілуіне байланысты өткен. Балалар үйіндегі 160 қызметкер желтоқсан айының жалақысын ала алмапты. Басшылық бар себебін, кесел есепшіде деп түсіндіреді.

Айта кетейік, бұл мекемеде бес жасқа дейінгі 78 жетім бала тәрбиеленіуде. Бейнежазбадағы айтылғандар мен Балалар үйі директорының арызы құзырлы органдарға жетті. Анық-қанығы алдағы уақытта белгілі болмақ. Ал бас есепші жұмысынан босатылған.

Асқар ТҰМАРБЕК