Зырян аудандық сотында өзбекстандық үш азаматтың «өктем саудасына» қатысты іс қаралды

645
көрілім

Зырян ауданында Өзбекстан Республикасының азаматтары заң алдында жауап берді. Шетелдіктер жергілікті тұрғындарға өктемдік танытып, қолдарындағы бал өнімін өзге тауарға айырбастауды ұсынған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Зырян ауданы Богатырев ауылы тұрғындарының тәртіп сақшыларына хабар беруіне өзбекстандықтардың «өктем саудасы» себеп болған. Істі тексере келе тәртіп сақшылары Өзбекстан азаматтарының ауылдағы көшені аралап бал өткізбек болғанын анықтапты. Алайда оңүстіктегі елден келген көршілер сауданы мәдениетті түрде жүргізбеген болуы керек. Меймандардың өктемдігі үшін ауыл тұрғындарына құқық қорғау органы қызметіне қоңырау шалуға тура келіпті.

Бал саудасы үшін Өзбекстанның үш азаматы енді қайтып Зырян ауданына келмейтін болды. Олардың үстінен әкімшілік іс қозғалып, ақыры аудандық соттың қаулысымен үшеуін де Қазақстан Республикасының шекарасынан шығару туралы шешім шықты. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.