Зырян ауданына алдағы бес жылда 1500 отбасын көшіру жоспарланып отыр

828
көрілім

Зырян ауданының әкімі Нұржар Тоқсеитов өзіне қарасты ауданға Қазақстанның әр аумағынан 1500 отбасы көшіп келетінін мәлім етті. Ауданға көшіру үрдісі 2018 жылы басталып, бес жыл бойы жүргізіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Әкімнің айтынша, Зырян ауданында білім, медицина және ветеринария саласының мамандары жетіспейді екен.

Біздің ауданда кадрлардың жетіспеушілігі турасында мәселе бар. Бірақ, кадрларды шақыру кезінде бәрі қажеттілікке сәйкес жүргізіледі. Бір уақытта 1500 отбасыны үймен қамту мүмкін емес. Алғашқы қоныс аударушыларға пәтер беруді 2018 жылы бастаймыз, – дейді Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсеитов.