Шығыс Қазақстанда соңғы жылдармен салыстырғанда жылу беру маусымы биыл әдеттегі кестеден ерте басталды. Оны мамандар күн райының өзгеріп, ауа температурасының төмендеуімен түсіндіреді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың әлеуметтік нысандарға дереу жылу беру туралы тапсырмасын дер кезінде орындағандардың бірі — Зырян ауданы. Қазіргі таңда қаладағы 9 мектепке дейінгі мекемеде, 40 білім шаңырағында, 2 интернат пен 12 денсаулық сақтау нысандарында жылу бар.
Аудандық қазандық қыстың сары аязын қарсы алуға мерзімінде дайын болғандықтан, тұрғын үйлерге де жылу беріліп жатыр.